Сенім
- 0
- 0
Қорықпаңдар адамдар бұл өмірден,
О, дүние бұл өмір жалғасы екен.
Өмірдің алтын кілті өзіңде екен,
Әр пендені ап шығар Сенім екен.
Бұл бетте «Музаға (Т.Н.А)» атты kurbanali1995 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әй, бауырым, сен неге өкпелейсің,
Бәріне де кінәлі өмір дейсің.
Өмірдің саған қандай жазығы бар,
Соны ойлап күндіз-түні көз ілмейсің.
Жақсы, Жаман - қасиет екі түрлі,
Әр адамның бойынан қалмайды екен.
Қызметтері екі түрлі болса да,
Тек біреуін өмірге таңдайды екен.
Азайып барасыңдар, қарттарым-ай,
Ұрпаққа ақыл берер даналарым.
Көбейіп бара жатыр керісінше,
Мына өмірде қылжақбас шалаларың.
Бақыт құсы ұялаған бір керім,
Кімдер өтіп, кім баспады бұл жерін?!
Жер бетінде жалғыз ғана жұмақ бар,
Самалменен тербеткен сан гүлдерін.
guka1988
Өте жақсы!