ЖЕР КІНДІГІ – Нұрлыхан Сейтханов

Бұл бетте «ЖЕР КІНДІГІ» атты Нұрлыхан Сейтханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бақыт құсы ұялаған бір керім,
Кімдер өтіп, кім баспады бұл жерін?!
Жер бетінде жалғыз ғана жұмақ бар,
Самалменен тербеткен сан гүлдерін.

Нұһ пайғамбар, Арыстан баб, Иассауи,
Суын ішіп, ат шалдырған - осы жер!
Дана Абай, жыр - Жамбылым, Мұхтарым,
Бар әлемді таң қалдырған - осы жер!

Батыр халық, ақын халық - қазағым,
Мың ғасырлап өмір сүрер - осы жер!
Байлығымен, мұрасымен таң қылған,
Жер кіндігі болып өтер - осы жер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері