ОЙ МЕН СӨЗ – Нұрлыхан Сейтханов

Бұл бетте «ОЙ МЕН СӨЗ» атты Нұрлыхан Сейтханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сөз ақсұңқардай,
Адамнан ұшып кетсе де
Ғарышқа барып жетсе де
Егесін табар қайтсе де.

Ой жүйрік тұлпардай,
Иесі тоқтау бермесе
Шаба берер тоқтамай
Адасып жолдан кетсе де.

Тұлпарда бар ауыздық
Сөзден де келер жауыздық.
Екеуі де бой бермес
Сөз қадірін білмесек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері