Өлең, жыр, ақындар

Малшы мен теңіз

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1082
Малшы тұрды мекен етіп жағаны,
Өзіне сай шағын еді лашығы.
Аздаған мал – бар байлығы, асылы,
Соны жайлап бағады.
Қайғы-мұңы болмайтын, сүрмегенмен сәнді өмір.
Тап осындай еншіге
Риза еді көңілі шын көншіге.
Теңізге ол қызығатын әлде бір,
Байлық тасып сан кемелер жүргенде,
Жүк түсіріп бай мырзалар шаттанған;
Қоймалары кілең асыл заттардан,
Тұрмыстары таң-тамаша гүлденген.
Малшы қатты құмартып,
Заттар алды сатты-дағы бар малын.
Жолға шықты кемеге мол жүк артып,
Алайда ол көп ұзаққа бармады.
Алдампаздық теңізге тән жайды ұқ дәл:
Жағадан сәл ұзамай-ақ білді оны,
Дауыл тұрып бір долы,
Кеме қирап, суға батты байлық бар;
Қуанды аман жанына.
Сол теңіздің арқасында тағы да
Таяқ ұстап, күн ұзаққа мал бақты.
Айырмасы бар еді:
Бұрынғы өз малы еді,
Енді өзгеге жалшы болып зар қақты.
Төзімменен еңбек етіп талпына,
Жалақысын үнемдей,
Базардан мал сатып алып түгелдей,
Келді өзінің ең алғашқы қалпына.
Тағы бірде малын жайып жағада,
Анығырақ қадала,
Көк теңізге төнеді,
Көреді:
Теңіз суы тербеледі сабырлы,
(Моп-момақан, қарағын)
Кемежайда кемелер көп дабырлы:
«Достым, – деді ол, – тағы да келіп тұр ма тонағың?
Мені алдауың енді қиын болады!
Айналысқын енді басқа кісіңмен,
Мен айлаңды түсінгем.
Көрермін-ау өзгеге еткен сыйыңды,
Енді менен алмассың көк тиынды».
* * *
Мысал мәнін талдау артық болса да,
Айта кету теріс емес оншама:
Ұстаған жөн таныс істі бірқанша,
Әлдеқандай алдамшы үміт қуғанша.
Көбін көрдім шын бақытсыз болғанын,
Алданбаса алданбас тек мыңнан бір,
Оның өзін елге дабыра қылған кім?
Ал, мен өзім өз сөзімді қолдадым:
Алдағы – тек Алладан, ал, менікі – қолдағым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Базардағы жазушы

  • 0
  • 0

Базарда балық сатып жүрген
Бір досымды көріп қалдым.
Бардым да жақын бірден,
Сұрақты беріп қалдым:

Толық

Күншіл көкек

  • 0
  • 0

Көктем күні болғанда,
Көкек жүрді орманда.
«Кө-кек, кө-кек, кө-кек!» – деп,
Тынбады бip секектеп.

Толық

Кім қандай ғұмыр кешкен

  • 0
  • 0

Отыз бес жыл,
Отыз бесінші көктемім.
Отыз бес жыл – уақыт қой көп керім.
Отыз бес жыл қуарып,

Толық

Қарап көріңіз