Өлең, жыр, ақындар

Май самалы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2732
Мамырда - майда самал еркелеген,
Табиғат тамылжиды ертеменен.
Мамырда - мамыражай Жер-Ана да,
Мамырда сезім бар ма селдемеген.
Сілкінген тұр байқадым тіршіліктен,
Қашан да күлімдеген жүрші үмітпен.
Қарашы, сызылуын май күнінің,
Бұлбұл құс сайрап тұр ма жыршы күткен?..
Жеп-жеңіл желпіп өтсе май самалы,
Көңілің жастық шақтың айтады әнін.
Жағалап жүріп қайтсаң Жайық жақты,
Астан-кестең көңілің жай табады.
***
Аппақ таңдар арайлап,
Гүл атады қызыл тал.
Жайық жаққа қарайлап,
Ән салды ару сызылта.
Алыстап ән үзілді,
Самал есті ғайыптан.
Ал құрбылар тізілді
Жағадағы қайыққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Май самалы өлеңінің авторы кім?

Ақмаржан Таубаева‎ — осы өлеңнің авторы.

Май самалы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Май самалы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақмаржан Таубаева‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Май самалы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері