Көк терек

Бұл бетте «Көк терек» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1198
(А. Прокофьевтен)

Қара қас, қара көзі жалт-жұлт еткен,
Осы бір көк теректі Галя еккен.
Еккенде бұл ағашты сүйді өзі де,
Өйткені екті жауын жоқ кезінде.
Еккен кезі ызғарлы қар жауған шақ,
Галя қыз жабырқады жаңбырды аңсап.
Кек теректі кенеттен боран ұрды,
Әр бұтағын көк дауыл орап ұрды.
Январьдің, іші еді.
Ертеңгілік,
Ақ қыраумен мұнартып тұрған мүлгіп.
Жерді от жағып жылытты мұз үйілген,
Жүректің де жата қап қызуымен.
Неге десең – аяды ағашты еккен,
– Шыда, терек! –
Деді қыз бар ниетпен.
Галя, Галка ол сынбас, шыдар ұдай,
Сен де асылысың даланың шынарындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк терек өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Көк терек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк терек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк терек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері