Сұлтанәлі, сенікі ненің шөлі – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Сұлтанәлі, сенікі ненің шөлі» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1199
(С. Балғабаевқа)
Сұлтанәлі, сенікі ненің шөлі,
(Әлденеге сусатты-ау өмір сені).
Сен әйтпесе әуелден ашқылтымға
Жоқ жігіттің бірі едің көңілшегі.
Шөлдегеннің оншалық жоқ зияны,
Шөлің қанса жаның бір жаңғырады.
Шөлдегеннің ең ғажап рахаты сол –
Шөлің қанса, о, шіркін, бар қиялы.
«Шөлім қанса, о, шіркін, шөлім қанса»,
Қанар шөлің дәм болса, өмір болса.
Махаббаттың шөлі ғой басылмайтын,
Досқа ренжіп шөлдейсің...көңілің қалса.
Алда үміт алаңдап, алағзисың,
Артта өкініш айылын қалай жисын?
Үміт пенен өкініш екеуі де – у,
Іше-іше өлем деп қобалжисың.
Шөлдің осы сойқаны, сойы емес пе,
Қабырғаны қаузайтын ой емес пе?!
«Ой түбіне жетпейсің» дейді қазақ,
Ойыңменен ойнама, қой, егеспе.
Ойың ояу болған соң, сезім сергек,
Өз ойыңа өтесің өзің шөлдеп.
Өз ойыңа өте алсаң – толдың өзің,
Арылмасын шөлінен көн кенезең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлтанәлі, сенікі ненің шөлі өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Сұлтанәлі, сенікі ненің шөлі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлтанәлі, сенікі ненің шөлі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлтанәлі, сенікі ненің шөлі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері