Шұғынық – Мерей Қартов

Бұл бетте «Шұғынық» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 987
Іштей сенің сырларыңды ұғынып,
Күн көзіңнен көкірегім жылынып.
Қала қызы бір иіскеп көрсін деп,
Теріскейден теріп келдім Шұғынық!

Сені көрсем көзімнен нұр шұбырып,
Келбетіңе көп қараймын, сыр ұғып.
Қала мұңын қаққа бөліп қайтеміз,
Дала гүлін иіскеші құнығып.

Ескі күйден, есің, санаң тынығып,
Шықшы қане, шырайлана құбылып,
Құшарлана құшақташы сұлуым,
Құшағыңа толтырдым ғой Шұғынық!

Қырсық қала тұра берсін құбылып,
Таудың ұлы тастан кетпес жығылып,
Пәк сезімнің, парқын біліп ұсынам,
Ақ сөзімнің анты болсын-Шұғынық!

Жаратқан соң, ТӘҢІР таудың ұлы ғып,
Қала қызы адалдықтың құнын ұқ.
Тағдыр деген жауынға да, дауылға.
Үзілмесін жүректегі Шұғынық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шұғынық өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Шұғынық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шұғынық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шұғынық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері