Мен білмеймін, не күтемін таңымнан
Бұл бетте «Мен білмеймін, не күтемін таңымнан» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен білмеймін, не күтемін таңымнан,
Ертең атар рауандап?
Кім табылады сын сағатта жанымнан,
Кімдер кетер жамандап?
Құша алам ба бақытты көк, жер тіреп,
Бір-ақ минут, бір рет.
Соған жетсем, ей, мендегі шер жүрек,
Жылай көрме діріл ет.
Мен білмеймін, кімнен жүрмін бата алып,
Неге отырам қақшиып?
Тіршіліктің нағыз құлы атанып
Неге жүрмін басты иіп?
Өтуде өмір, қыркүйек те салқындап,
Өлім жайлы қаңғып ән.
Ақырғы сәт соққан кезде алқымды ап,
Елге немді қалдырам?
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі