Кешіре алсам, кешірермін бір күні
Бұл бетте «Кешіре алсам, кешірермін бір күні» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кешіре алсам, кешірермін бір күні
Жалғыздықтай жынды қылған түрпіні,
Мезгілінде ұмытылған күлкіні.
Сонда отқа лақтырармын
Өзіңнің
Құлың еткен құмарлықтай түлкіні.
Лақтырамын сосын отқа сезімді,
Бақсыз қылған жастығымдай кезімді.
Ұмыт менің қолдарымның ыстығын,
Жерге таста, таптап-таптап сөзімді.
Кешіре алсам,
Кешірермін, көр, сеніп.
Өшпесе әлем көз алдымда теңселіп.
Кетпесе жел боранымен еңсеріп,
Қоштасудан кейін қалсам аман-сау
Сенсіз өмір сүру үшін белсеніп.
Кешіре алсам, кешірермін ақыры,
Нұрлы күнді жынды түнмен сапырып,
Жырларымнан жұлып тастап тақырып.
Сыр-зарымды мыжғылап,
Тірлігімді қайырымға шақырып.
Кешіре алсам, кешірермін...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі