Күнәм болса, сүрлеген
Бұл бетте «Күнәм болса, сүрлеген» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күнәм болса, сүрлеген,
Кінәм болса білмеген,
Күнім болса сүрмеген,
Түнім болса кірлеген,
Құлдарына жақ құдай,
Кешіре гөр, ақ құдай!
Әнім болса басынған,
Сәнім болса шашылған,
Жаным болса ашылған,
Қаным болса тасынған,
Сабырына сақ құдай,
Кешіре гөр, ақ құдай!
Төзім болса төзбеген,
Сезім болса сезбеген,
Сөзім болса көздеген,
Кезім болса өздеген,
Көгімдегі бақ құдай,
Кешіре гөр, ақ құдай!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі