Өлең, жыр, ақындар

Балауса сезім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7060
Балауса сезім, айналып кеткен сағымға,
Жоғалтып ем ғой жеттім бе деген шағымда.
Көңілді құсым дүр етіп ұшып кетті де,
Көңілсіз құсым қонақтап қалды бағымда.

Кіршік тимеген көрікті балғын сезімдер,
Өте шықты ғой бантикті балғын кезімде.
Ақшаңқан шақтар, неліктен шапшаң жалт етіп,
Іздетіп қойдың көктемді мынау күзімде.

Балауса күндер, таңбасы қалып кеудемде,
Қол бұлғап кетті мәңгілік қайтып келмеуге...
Қоңырқай түстер - қоңыр наз,
қоңыр шумақтар,
Кеудеме толды,
Төгілердей боп ернеуден...
Жайқалған гүлден, шайқалған жасыл теректен
Іздедім, сені, осылай ету керек пе?
Бәрі де тұрды қоңырқай ғана мұңайып,
Жыр толды содан мазасыз мынау жүрекке.

Осылай менің түсіп бір еңсем кеткенде,
Жапырақ сонда тіл қатты маған өктемдеу.
Сыр айтып тұрды тәкаппар, сұлу тіршілік,
Жақсылық хабар жетер деп келер көктемде.

Балауса сезім, қалдырған табын суытпай,
Мәпелеп келем жыл бойы қылау жуытпай.
Қоңырқай түстер - қоңыр наз, қоңыр шумақтар,
Дір-дір етеді көктемін күткен шыбықтай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балауса сезім өлеңінің авторы кім?

Ақмаржан Таубаева‎ — осы өлеңнің авторы.

Балауса сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Балауса сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақмаржан Таубаева‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балауса сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері