Сәуір – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Сәуір» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2567
Танытты жайдарылық сәуір бүгін,
Соңына сақтаған-ау тәуір күнін.
Үйден бір жеңіл-желпі шығайыншы,
Түссінші иықтағы ауыр «жүгім».
Осынша неге іріктің шуағыңды,
(Қаталдық қатқан мұзды куә қылды).
Ызғарды неге жуып кетпеді екен,
Жүгірген сай қуалай су ағынды.
Мұртындай бозбаланың түбіттеген,
Бүршігі көзге тіпті ілікпеген.
Көк көйлек киіп қашан шығады деп,
Қарадым теректерге үмітпенен.
Арқадан азынап бір жел ескелі,
Шөптердің сұрқы қашты белестегі.
Көктемнің көкорайы көз үйренген,
Ей, сәуір, сенің сәнің емес пе еді?..
Қойсаң да қабақ ашпай көпке дейін,
Шуақты сақтамапсың текке кейін.
Құлпырттың дүниені бір-ақ күнде,
Сондықтан саған қалай өкпелейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәуір өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Сәуір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәуір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәуір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері