Шаруа мен жылан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шаруа мен жылан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1279
Шаруаға жақын келіп Жылан бір,
Былай деді: «Көршім, тату тұрайық!
Енді менен сескенуің шын айып;
Көрмеймісің, еш түрім жоқ күмәнді,
Биыл көктем ауыстырдым терімді».
Жылан, бірақ, сендірмеді еріңді.
Балтасын ап ол тұрды,
Деді және: «Мейлі қанша түлегін,
Өзгермейді жүрегің», –
Шапты-дағы өлтірді.
* * *
Ел сенімін жоғалтып бір алсаң-ақ,
Бет пердеңді өзгерткенмен қаншама,
Одан аман қалмассың,
Жылан сынды көп ұзаққа бармассың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері