КЕШІРІМ – Нұрлыхан Сейтханов

Бұл бетте «КЕШІРІМ» атты Нұрлыхан Сейтханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кешірім керек өмірде,
Кешірім керек, әрине.
Кешірімді білген адамдар,
Шырақ боп жанған әр үйде.

Кешіре алмаған адамға,
Ауыр тиер бұл жалған.
Кек алуды ойлаумен,
Барлық жағын қарманған.

Кешірім - қымбат өмірде,
Кешіре білу - даналық.
Кешіре алғанның бойында,
Жасайды мәңгі адалдық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері