Жолың болсын жарқыным

Бұл бетте «Жолың болсын жарқыным» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1638
Жолың болсын жарқыным...
Бізді ұдайы,
Күреңітіп күтеді күз мұңайып.
Диуананың күйзелдім күйін кешіп,
Теңеу таппай ғаламнан сізге лайық.
Бағы күйкі тірліктен қажыған сәт,
Сен ояттың...
Тәп-тәтті нәзік ән сап.
Жыл құстарын асыға күттім биыл,
Өмір менен жүректің жазын аңсап.
Айтар шағым білсем де бұл емесін,
Жүрегім бар...
Мүмкін бе жүдемесім?!
Сәл мұңайған...
Гүлі бар құшағында,
Өзіңді іздеп вокзалда жүр елесім.
Сағыныштың соқтырған бал жұпарын,
Лебізіңмен емделіп нәр жұтамын.
Жо-жоқ, қалқа...
Сенімен кеттім бірге,
Қимай қарап шарасыз қалды тәнім!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолың болсын жарқыным өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Жолың болсын жарқыным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолың болсын жарқыным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолың болсын жарқыным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері