Ескерту – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ескерту» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 790
Сенің соншама
Менің алдымда
Шегірткенің
Кәрі айғырындай
Шіренетінің не?!
Қабағыңды қарс түйіп
Мені шауып алардай
Түндей боп
Түнеретінің не?!
Қозбай тұрғанда
Кәрі жын,
Қарағым,
Әрі жүр.
Кімсің сен?
Үрлемей-ақ,
Жай ғана күрсінсем,
Соның демімен-ақ,
Күлдей боп
Ұшып кетесің.
Ұшып кетпесең,
Мені жеңе алмағаныңа
Пұшайман болып,
Әбден күйініп
Ішіп кетесің.
Әрі жүр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері