Кереғар тіршілік – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Кереғар тіршілік» атты Темірхан Медетбек жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 619
Кейде
Бұрғылау
Мұнараларындағы
Алып дизельдердің
Білектей-білектей —
Алма-кезек тепкілеген! —
Поршеньдардай
Алқынып тұрам.
Кейде алау-далау боп
Жартастарды
Соққылап-соққылап
Түк шығара алмастан
Жуасып тынған
Толқындардай
Тартылып тұрам.
Бірде олаймын,
Бірде былаймын,
Бірде пенде
Е, жаратқан,
Өзің кешіре гөр
Бірде құдаймын.
Басымда —
Түсініксіз! —
Уіл тұрады.
Жердің астынан —
Үрейлі! —
Гуіл шығады.
Кейде
Айнала дүние
Жер сілкінбесе де
Сілкінеді;
Қара бұлттар
Қара тастардай қатайып,
Қара жартастар
Түбіттей түтіледі...
Кереғар тіршілік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері