Түйебай өлгенде әйеліне айтқан көңіл қосы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 20.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1734
Құлақ қой, қайғы ішінде қалған жеңге,
Бар ма лаж, өкінгенмен, біткен демге?!
Қайғысы қайтыс болған марқұм ердің,
Сен түгіл, сырт ағайын, батты елге!
Ой тауып Өмекеңе беретұғын,
Ұқсас еді бұлт шөгетін биік белге.
Қалпы осы қалайда да болғаннан соң,
Ұқшалған дүния — сағым, өмір - желге.
Көшетін күні ертең керуенбіз,
Қос тігіп қонақтауға құба шөлге.
Жақанға жаратылып келгеннен соң,
Қан жұтып қамықпаған қай бір пенде?
Ата-ана, аға-іні, ұл менен қыз,
Алланың аманаты болса пенде.
Болат бол болған іске, босаң тартпай,
Орнында отын жағып отыр, көн де.
"Бұл нәубет бізге - дағы болады - ау", - деп,
Бәндәлік бажай қылып, кеуліңді өн де.
Ақ досы — Қабибулла сәруарды,
Үлгі ету — өте керек осы жөнде.
Қалмаған қыздан басқа онан да ұрпақ,
Дүниядан өмір бітіп өтерінде.
Келеді әлі ұрпағы қыздан болған,
Замана найыбы боп неше пенде.
Ғибрат ақылың болса алып мұнан,
Демей-ақ: "Кемшіліктің бәрі менде!"
Тілегін тілеп қалған екі жастың,
Ерте, кеш ет шүкірлік, болмай делбе.
Шат қылар майданында мәқшардың,
Қыдыр Хақ қауыштырып кәусар көлде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түйебай өлгенде әйеліне айтқан көңіл қосы өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Түйебай өлгенде әйеліне айтқан көңіл қосы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Түйебай өлгенде әйеліне айтқан көңіл қосы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түйебай өлгенде әйеліне айтқан көңіл қосы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері