Қызыл бидай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қызыл бидай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5777
Қыз емес, қыздың аты – қызыл бидай,
Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай,
Қалмады баста бөрік, белде белбеу,
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай.

Ақау айдай,
Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман,
О, шіркін, алсын Құдай!

Қыз емес, қыздың аты – қызыл өрік,
Баршасы бірдей келсін мінез, көрік.
Сыртынан жүзін көрмей құмарланып,
Әркімдер жүрсе-дағы болып жерік.

Ақау айдай,
Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман,
О, шіркін, алсын Құдай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері