Алпауыт пен Қаптесер – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Алпауыт пен Қаптесер» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2204
Кебежеден бал тауып,
Ұрлап жатты Алпауыт.
Көріп қалды Қаптесер,
Кез осы ғой шап десер.
— Ортақтастыр олжаңа,
Әйтпесе, мен қожаңа!..—
Сасып қалған Алпауыт:
— Көршім, пайда қал тауып!
Мұқтаж асың бал ма еді,
Керегіңше ал!—деді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері