Қысмет – Әсет Найманбайұлы

Бұл бетте «Қысмет» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 9517
Арғынмын, атым Әсет арындаған,
Арындап ән сала ма дарымаған?
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын даусым көкте дамылдаған.

Көмекей көк қабысын әнмен ашсам,
Төгіліп меруерт-маржан сауылдаған.
Жорғамын, жортарманмын жұрттан озған,
Майдамын майда желіс мамырлаған.

Сарайым – сабам құям пісіп-пісіп,
Қойдырман ән қымызын ой кернетіп.
Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек,
Ойнақтап басылатын аз желдетіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері