Өлең, жыр, ақындар

Қапы қалма, Қамданбай

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2695
Патшашыл, байшыл заманда,
Тұтқын едік тұманда,
Бізге теңдік беріп пе ед.
Жердің жақсы талайын
Таңдамалы шұрайын,
Егуге ерік тиіп пе ед.
Патшашыл, байшыл заманда,
Тұтқын едік тұманда,
Бізге теңдік беріп пе ед.
Жердің жақсы талайын
Таңдамалы шұрайын,
Егуге ерік тиіп пе ед.
Ақтылы қой андаған,
Алалы жылқы аунаған,
Байдың болған жайлауы.
Енді ол жерге біз қожа,
Ие болдық біржола,
Кеңестің әділ байлауы.
Сайын шалқар cap дала,
Бас иеді алдыңа,
Бар пайдасын беруге,
Тамырынан сүт беріп,
Егісіңе құт беріп,
Кел деп төсін керуге.
Еңбекші ауыл маңында,
Кеңестің кең заңында,
Егістен ешкім қалмасын.
Барлық қара шаруа,
Болма еңбексіз ажуа,
Шаруа өсімсіз болмасын.
Еңбекші елдің шаруасын,
Меңгеруге қожасын,
Кооператив артельмен,
Ұйымдассаң трактор,
Бәріңе де дайын тұр,
Барлығына қожа сен.
Қапы болма, қамданбай,
Жарлы-жалшы жан қалмай
Таянды егіс науқаны.
Еңбек керек егіске,
Жетем десең жеңіске,
Олжаң егіс науқаны.
Коллектив пен артельдер,
Қажетіңе арыз бер,
Тиісті жерден аласың,
Соқа-сайман, бидайдың
Тағы басыңа ау-жайдың,
Ертерек білдір шамасын.

21 март, 1929 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Назқоңыр

  • 0
  • 0

Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең неге аяйын аттын терін,
Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім.

Толық

Төгілмелі

  • 0
  • 0

Отанымның жайнаған жасыл белі,
Гүлдің исін аңқытқан қоңыр желі,
Ен табиғат ішінде еркін өсіп,
Шырқатайын әнімен төгілмелі.

Толық

Май

  • 0
  • 0

Нұр төгіп күн аспанда мақтанады,
Жер - ана қазынасын ақтарады,
Кеңесіп бірінші Май мейрамында
Әлемге еңбекші тап мақтанады.

Толық

Қарап көріңіз