Ақанша – Иса Байзақов

Бұл бетте «Ақанша» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2454
Ортекедей орғытып мінген атын,
Көрсе көзің тоймайды салтанатын.
Тамаша,
Шаттанбайсың қалайша.
Отанымның жауынгер жұлдыздары.
Жауға бермес ерлерім мақтанатын.

Қайырмасы:
Ылғи жүйрік тұлпар аттай.
Мінгендері құйылтып,
Зулағанда атқан оқтай,
Ерлентеді сүйінтіп.
Жалындат, ерлер, жалындат,
Отан берік, елің шат.

Жау ұмтылса отанға, ду қайнайтын,
Қызыл әскер қырағы еш таймайтын,
Тамаша,
Шаттанбайсың қалайша.
Күлін көкке ұшырып фашистердің
Қызыл әскер ерлерім бет қайтпайтын.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері