Мәңгілік оты – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Мәңгілік оты» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2543
Тарихын талай жас жаттап,
Болатын талай жылға аңыз.
Бір мұнара асқақтап,
Аспаннан қарап тұр жалғыз.
Тозаңды кері лақтырып,
Жуытпай оған жүр самал.
Күзеткен оны сақ тұрып,
Қалпағы жасыл шыршалар.
Ұшқандай адам үмітін,
Жалынымен көкке алып.
Түбінде соның күні-түн
Тұрады мәңгі от жанып.
Жылдарға алыс жеткендей
Осы бір жалын мәңгілік.
Жүрегін ерлер, кеткендей
Осында от қып қалдырып.
* * *
Ұшты ажал арындаған оққа мініп,
Жатты ажал жалындаған отта күліп.
Жапты ажал далаларды боранымен
Тастады айналаны оппа қылып.
Азынап айналаны кернеп шуы,
Қаралы күйді тартып жел өксіді.
Белорус ормандары күңіреніп,
Белорус өзендері дөңбекшіді.
Соғыста бойы мұздап суып қалмай,
Айқасты ол жекпе-жекке шығып талмай.
Тұр орман бұрынғыдан берігірек,
Шыңдалып от ішінде шыныққандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгілік оты өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Мәңгілік оты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгілік оты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәңгілік оты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері