Калошым алды өшін – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Калошым алды өшін» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 1
  • 4166
Күнде де,
Түнде де
Сырғанай,
Сырғанай
Бердім де,
Көрдің бе,
Калоштың
Мөрі өшті,
Ақыры
Пақырым
Төзімді
Өзімді
Құлатып
Жылатып,
Калошым
Алды өшін.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері