Қайың мәйегі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қайың мәйегі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2141
Жаздың ыстық күнінде
Соғады үйтқып жалын-жел
Жатты қайың түбінде
Жаралы бір жауынгер.
Кешіп дала сағымын,
Жетті ол шөлдеп, қаталап.
Жарып қайың қабығын
Қолын тосты жата қап.
Ақ қайыңның шырыны,
Сусын болды сырадай.
Бекіп әлсіз буыны,
Жанды көзі шырадай.
Сезбеді ол жұтқанын,
Сумен қоса күн нұрын.
Аспанның ақ бұлттарын,
Таңғы шықтың мөлдірін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері