Дауыл сезген бауырынан қыранның – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Дауыл сезген бауырынан қыранның» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 549
Дауыл сезген бауырынан қыранның,
Көбелектей «балапан қыз» болды ұмыт.
Елегізген әуеніне бір әннің,
Қабағына қоңыр таудың қонды бұлт.
Біле алмадым, бұрып тілер, нені ішің,
Болдым суық, сезімі жоқ тасқа тең.
Тасты тескен таңғы жаңбыр мен үшін,
Көздеріңнен тамшылаған жас па екен?
Желге ілестім, жеңілгендей тағдырдан,
(Тағдыр оғы тиіпті ғой аяқтан)
Шығар ма екен, шықпас па екен алдымнан,
Алтын сағым... сағынышымды оятқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері