Не керек? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Не керек?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1092
Жоқ кезiмде бермей
Бар кезiмде бергенiң
Не керек?
Тар кезiмде көрмей
Нар кезiмде көргенiң
Не керек?
Не керек?
Жыртылған қайықтай
Тозғанымда
Демемей,
Кемедей озғанымда
Демегенiң не керек?
Қайырылған шегедей
Болғанымда
Жебемей,
Жебедей атылғанымда
Жебегенiң не керек?
Не керек?
Бар кезiмде сұрамай
Жоқ кезiмде
Өтiнiп сұрағаның
Не керек?
Тiрiмде жерге тығып,
Өлгенiмде
Өкiрiп жылағаның
Не керек?
Не керек?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері