Өлең, жыр, ақындар

Туған үйім, аңсап келдім тұрағым

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1237
Туған үйім, аңсап келдім тұрағым,
Жетпей жүрсе, шалғай жақтан бір әнім.
Орыныңды әрең тауып, жер болған,
Жұртыңда мен отыра қап, жыладым...
Көшіп кеткен, қайтара алмай күлкімді,
Жұртыңда мен, жабырқадым, біртүрлі.
Осы жерде анам менің толғатып,
Дүниеге тоғыз рет ұл туды...
Туған үйге, тұман жұттым, шөлдеп кеп,
Осы жерде жетілген ем, мен көктеп.
Осы жерде өткен сәби жылдарым,
Осы жерде қаз тұрғамын еңбектеп...
Осы жерде әжем жаққан шырақ нұр,
Сөніп қалған сияқты ма, құлап бір.
Осы жерде өзім еккен баяғы,
Егіз қайың сыбдыр қағып жылап тұр.
Қос қайыңға сырымды айтып мұңдандым,
Мұңдандым да, балалыққа мың бардым.
Жар басында тұрған менің үйімді
Кеткен бе асап ағыстары жылдардың?
Әйнегімнен түсуші еді таңғы алау,
Қоштастым ба, таңғы алаумен жалған-ау?
Қарсы алатын қайта оралса көктемде,
Қарлығаштың ұясы құрлы болмады-ау...
Айту үшін дәрменсіз ғой тіл бүгін,
Басқа арнаға бұрып кеткен тірлігім.
Ақ қайыңдай жапырағын жайып тұр,
Осы жерден өсіп шығып кіндігім...
Сағынышты, туған жердің, жұлдызы ем,
Көкірегімнен мөлдір моншақ, жырды үзем.
Орманына төркіндеген түнгі айдай,
Тоғыз ұлдың ішіндегі бір қыз ем.
Жапырақтармен ойнап, қашқан жұлдыз ем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын өлді

  • 0
  • 0

Ақын өлді...
Сөз етуде ел дарынын,
Көрсең оның қара киген аруын.
Жанып тұрып ойда жоқта мезгілсіз

Толық

Өмірде бір қойып, өсек күңкілді

  • 0
  • 0

Өмірде бір қойып, өсек күңкілді,
Адамды адам танитұғын күн туды.
Ата-ананы таңдай алмайтындай,
Тағдырымнан бөле алмаймын ұлтымды.

Толық

Кешегі таң, кешегі күн, бәрі-бәрі кешегі

  • 0
  • 0

Кешегі таң, кешегі күн, бәрі-бәрі кешегі,
Кешке жетпей жіңішкеріп, жанған үміт өшеді.
Түні бойы дауыл ұрған теңіздегі толқындай
Сықырлайды тыншу таппай сағыныштың төсегі...

Толық

Қарап көріңіз