Өлең, жыр, ақындар

Ұршық пен домбыра

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1470
Жіп иірді ол толғанып,
Қолында — сол бір ұршық.
Домбырамды қолға алып,
Мен — күй шерттім ыңырсып.
Қартайды анам — толды ұршық
Саусағынан әл кетіп.
Сыршыл жан боп көлгірсіп,
Мен отырмын әндетіп.
Айларды ұршық иіріп,
Жыл жасайтын секілді.
Домбыра ше?
Бәрінен
Мұң жасайтын секілді.
Ұнатады көп санды
заманымыз деп біздің:
Күйдің тоғыз пернесін
жиырма бірге жеткіздім.
Ал ұршық ше?
баяғы,
сол баяғы зырылы:
Өтіп жатқан білдіртпей
Уақыт сынды ұлы ұры.
Анам шөгіп барады,
Ұршық толып келеді,
Бар ғұмыры анамның
жіпке айналды себебі.
Барған сайын құныс бел,
қусырылып барады:
Барын беред ұршыққа ол,
Ал мен күйден — аламын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем әсерінен (1 басылым)

  • 0
  • 0

Уылжып тұр, күмілжіп тұр бар маңай –
Көктем деген осы екен ғой… арман-ай!
Гүл төсіне қонақтаған көп бояу
Көз шіркінді қояр емес арбамай.

Толық

Аялдамада

  • 0
  • 0

Әйелдер тұр тықыршып,
сұлулары көптен көп —
еріні күрең көбінің
иектері көкпеңбек.

Толық

Ағарған Жайыққа...

  • 0
  • 0

Ағарған Жайыққа
Қонды аспан ағала.
Анау не, қайық па,
Қарайған жағада –

Толық

Қарап көріңіз