Қыз-ғұмыр – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қыз-ғұмыр» атты Фариза Оңғарсынова жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 7949
Шәмшаға

Ажары жарық нұрдан жаратылған,
жарқылдап жақсылыққа ара тұрған.
Маңдайда жұлдызындай, құндызындай
қыздары-ай қазағымның дара туған!
Қайырмасы:
Қыз-ғұмыр шынарым-ай,
халқымның шырағындай,
көзіңнен Күн арылмай,
алдымда жүрші жайнап,
пәктіктің тұмарындай,
шынарым-ай!
Қыз-ғұмыр шырағым-ай.
Әз әке ұлға теңеп үміттенген,
жеңгелер жастайынан ұлық көрген.
Елді ойлап, жерді ойлаған қыз-ғұмырдың
тең түсер парасаты жігіттермен.
Қайырмасы.
Жаралған жақсылықтан дара шыңдай,
бауырға әпкесі емес — ағасындай.
Қамқор боп бар қазаққа жаны шығып,
жүреді панасындай, данасындай.
Қайырмасы.
1992


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері