Өлең, жыр, ақындар

Шалма жорға

  • 28.09.2021
  • 0
  • 0
  • 691
Мақтауға әуес жұртпыз-ау біз өткенді:
Ырысты еді деп күзді,
кірісті еді деп қысты,
көгі, суы мол еді деп көктемді.
Қошалақта,
қоян жортқан шағылда,
сол мақтаулы көктем, күздер шағында,
шалмайтұғын жорға айғырлар көп болды.
Түсініктер кезінде де жаңа тым,
домбырадай баптаушы еді ел атын.
Жорғасына түсіп кетсе — шапқан атқа жеткізбес,
шалып кетсе — кібіртіктеп қалатын
шалма жорға — әңгімеміз болатын.
Бұрқыраған қара түтін жалы бар
"Бегжанқара" атанды бір жануар,
Атбегілер жүргізбейтін ығынан.
Сол жануар шалма-жорғалығынан
көрді, көрді,
көп қорлықты өткерді,
қамшының да не сүлейін жеп көрді.
Шалдырмау боп жорғаны бар мұраты
шадыр бапкер шағылға сап ұратын.
Қамшы осқаннан сауыры мен бауыры
білеу-білеу ісік болып тұратын.
Жорғалығы емес-ті,
сол жорғаны көру — болса бір арман,
Шалмалығы — әуелі атын шығарған.
Домбыра — адам жорғасы деп жүр атап,
бес саусағың бірдей жортса — рақат!
Мақтауға әуес жұртпыз ғой біз өткенді,
Сен де — өткенсің,
біз мақтаймыз, көп болды.
Күтім жоқ деп күңкілдейсің беталды,
жорғаларда күтім болса, ол — қаталдық.
Өз иінін күтпесе де ел бүтіндеп,
жорғалар мен күйшілерге күтім көп.
Күтімнің тым көптігінен
күйлерің
естіледі бытың-бытың-бытың боп.
Шалмасы, әттең, жақсы еді ғой десіп ел
шығармайды "Бегжанқараны" есінен.
Сенің-дағы күйің емес татымды,
"Шалмалығың" шығарған күйші атыңды.
Салақтығың — сенің ырыс, несібең.
Бірақ "Бекжанқара" талай бәйге алды,
ал, сен болсаң...
басқаша аштың "майданды".
Қоялықшы қаталырақ бір сұрақ:
Аусыл сиыр ауызындай былшырақ
мұңыңды айтып нең бар сенің қыңсылап?
Жорғалардың ең негізгі күтімі:
Сегіз өрме, бұзау тісті, жұпыны,
Саған, білем, қамшы жетпей жүр, шырақ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жер туралы

  • 0
  • 0

Міне, міне тірі гүлдер, тірі гүлдер тұр өсіп,
Бұл далада бақыт шақтың баяны үшін күресіп...
Өткен күндер дауылымен құмдар толқып шайқалған,
Сол бір дауыл талай ізді кетті-ау көміп, майталман!

Толық

Бас қайда болса – онда аяқ бар...

  • 0
  • 0

Бас қайда болса – онда аяқ бар,
Сүрінген жығылып тояттар.
Бұл жерден басталса тіршілік
Ол жерден сапарын аяқтар.

Толық

Дидактика

  • 0
  • 0

Қырқа, төбе, қыраттар,
Көтермеңдер иықты,
біз көргенбіз,
Көргенбіз

Толық

Қарап көріңіз