Аналарды ардақтайық, сүйейік!
Аналарды ардақтайық, сүйейік!
Біздерді өсірдіңіз ақ сүт беріп, Тәрбие, үлгі алдық сізден көріп. Әже боп, күні ертең соңыңыздан,
Немере, шөберелер жүрсін еріп.
Былдыр-былдыр сөйлеткен балаларың, Еліме берген батыр, даналарың. Аман болсын, отбасын нұрға бөлер
Ақ ниетті, ақ жаулық аналарым!
Тал бесікті тербеткен асыл ана, Түсті бүгін ақ қырау шашыңа да. Деніңізге бір алла саулық беріп,
Жас қосылсын жыл сайын жасыңа да.
Анаменен бақытты ел екенбіз, Анасыз шөлейт-тақыр жер екенбіз. Бал-бұл жайнап, шаттықтан ажарыңыз,
Құтты болсын мерейлі мерекеңіз!
Өмірдің бал-шырынын татыңыздар, «АНА» деген киелі атыңыз бар. Өтеуін ақ сүтіңнің ұрпағыңнан,
Көруге толық сіздің хақыңыз бар.
Бұл фәниге келгенде әуелбастан, Анамның «Бесік жыры» көзімді ашқан. Тіршілікке нәр берер асыл жандар,
Сіздер үшін жазамын өмір дастан.
Сақта деп, намыс және ар-ұятты, Қобызынан анамның көп күй ақты. Аялы алақаны жұп-жұмсақ,
Хош иісті құлпырған гүл сияқты.
Қандай ыстық аналардың құшағы, Сағынғанда аялайды, құшады. Сол құшақтан жалын атып балапан, Қанаттанып көкке самғап ұшады.
Аналарды ардақтайық, сүйейік, Ақылдарын ойымызға түйейік! Мейрам сайын өмір тілеп, бақ тілеп, Түрлі гүлді құшақ-құшақ үйейік!
Бөкен Қазбек Маратұлы
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі