Ақылды Тоқылдақ – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ақылды Тоқылдақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3989
— Көк-ек,
Кө-кек,
Кө-кек!— деп,
Күні бойы секектеп,
Өзін өзі кекеткен
Не күтесің Көкектен!
Ақылы оның ауысқан!—
Деді суайт Сауысқан.
— Ұрлықпенен күнелткен,
Төңірегін түңілткен
Сауысқан да құс боп па,
Талтаңдаған қыстақта?!—
Деді Қарға,— От басын
Күзеткеннен сақтасын!
-- Қар-рқ,
Қар-рқ,
Қар-рқ!— деп,
Біз тамаққа қарық деп,
Қи жейтұғын сасықты,
Қоян жүрек жасықты
Құс дейміз бе?
Масқара!—
Деді ашулы Тазқара.
— Көзін сүзіп аспанға,
Жарымай бір жас қанға,
Тазқараңыз өрекпіп,
Өлексені қорек қып,
Өзін құс деп атамақ,
Болмас!— деді Жапалақ.
— Күндіз қалғып, түн ұшып,
Отыр енді құнысып,
Әй, Жапалақ, Жапалақ,
Ертелі-кеш қаталап,
Қаншама жыл төкті қан,
Ұят!— деді Көкқұтан.
— Батпақ кешкен сорайып
Көкқұтанда зор айып:
Бүкіл көлге бүлік сап,
Бақаларды қырып сап,—
Деді Көкек,— Көкқұтан
Өзі қанша төкті қан!..—.
Таусылғандай іс тіптен,
Міне, осылай құс біткен
Бірін бірі жамандап
Жатқанда...
Ісін тәмәмдап,
Еңбек еткен Тоқылдақ
Бәрінен де ақылды-ақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақылды Тоқылдақ өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ақылды Тоқылдақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақылды Тоқылдақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақылды Тоқылдақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері