Күн сәулесі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Күн сәулесі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4170
Желмен ұшты жапырақтар,
Саулап түскен сары алтындай.
Желмен ұшты жапырақтар
Самұрықтың қанатындай.
Боз киіктей зырлап қашқан,
Батады күн бұлтқа барып,
Боз қыраулы жылайды аспан,
Жерді мөлдір шыққа малып.
Күн сәулесі қалып еді
Егін өскен жерде ұйып,
Түнде де жер жарық берді
Жинады астық ел жиылып.
Күн сәулесі жатыр тұнып,
Сарыарқаның жазығында;
Сары бидай қауызында,
Егіндіктің аңызында.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері