Жүрегі менен жүрегім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бұл не сұрақ, мазалаған жанымды?
Бұл қандай күш, буырлатқан қанымды?
Түсініксіз беймаза келген бұл сұрақ
Кең маңдайға тағдырым қалай жазылды?

Себепсіз келген сұрақтың таппай жауабын
Уайымның түсіп торына шектім азабын
Мені іздеген, мен күткен жан сол ма деп?
Санамда бұққан сауалдан әбден тозамын.

Тағдырым болса көнуден өзге шара жоқ
Бақытым болса одан асқан пана жоқ
Бақытсыздықтан сақтай гөр Алла!
Сақтай гөр!
Пендеңе мендей өмірде қатаң жаза жоқ.

Мақұл, көнермін
Жүрегімнің кілтін беріп қолына!
Өкінбеспін бақытым болса оңына
Құлпын бұзып ішіне жылу толтырса
Құрбан ғып өтем өзімді оның жолына.

Сұрақсыз жауап табылмас анық білемін
Жауабы қандай не дейсің, қане жүрегім
Тауыспай төзім сырыңды енді білгізгін
Бір бүтін бе екен, жүрегі менен жүрегім

Бір бүтін бе екен?
Жүрегі менен жүрегім!


Пікірлер (1)

Інжу

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегі менен жүрегім өлеңінің авторы кім?

Аяужан Нұрмолда — осы өлеңнің авторы.

Жүрегі менен жүрегім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жүрегі менен жүрегім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аяужан Нұрмолда өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегі менен жүрегім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері