Нүкте

Бұл бетте «Нүкте» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 1
  • 15669
Нүкте деген, білгенге,
Жәй ғана бір ноқат па?
Жоқ онысыз сөйлем де,
Жоқ өлең де,
Жоқ хат та!
Нүкте деген пайымды,
Батыл тыныс белгісі.
Аяқтамай ойыңды,
Келмейді оның көнгісі.
Жазып жатқан кездерде
Асықпай-ақ күтеді.
Не бір ғажап сөздер де
Сол нүктемен бітеді.
Ол сөйлемнің оңында
Тұрмайды құр сәндікке.
Әрбір істің соңында
Болу керек бір нүкте!


Пікірлер (1)

Мадина

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нүкте өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Нүкте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нүкте өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нүкте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері