Мен ақынмын, мен – еш мистер емеспін

Бұл бетте «Мен ақынмын, мен – еш мистер емеспін» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 841
Әлде қалай, –
Нью-Йорк, не Парижде
Серуендеп жүре қалсам, кеш бір кеп,
Парижанка сырттан көріп бір жерде
Атай қалса, – мені: – мынау мистер, – деп;
– Жоқ, мадмуазель!
Білмес мені мұнда ешкім,
Мен – ақынмын, мен еш мистер емеспін! –
Дер едім де, жөнелер ем пардон! – деп,
Неге десең ол ат маған өрескел!
Ондайларға кездессем мен шетелде,
Орысша айтсам, – түсінбесе бекерге,
Өлеңімді қазақша айтып жөнер ем,
Қалпағымды шерте киіп шекеме!
Былай қойып көшесінің думанын,
Жолықса бір кездескендей туғаның, –
Қол алысып, қолтықтасып кетер ем,
Қара сақал жігітімен Кубаның,
Емеспін мен министр де, мистер де,
Ақынға шен жараспайды дәстүрде.
Миср емес, Жароков боп атанып,
Өлеңдеттім Отанымда өстім де.
Көрмесем де Вашингтон, Парижды,
Өз Отаным жырға жаңқа жарғызды!
Азды-көпті өлеңіммен өмірге
Өтеп келем мойнымдағы парызды.
Самғатқанда космосқа елім құс кілең,
Құс боп ерлер көк жүзінде ұшты кең!
Ұшпасам да космонавтар тобында,
Ұшты өлеңім Америка үстінен.
Өз елімде өсіп, еңсе көтердім,
Өз елімде өлеңдетіп өтермін!
Долларына,
өсегіне,
дуына, –
Алтынына – пысқырмаймын шетелдің!
Өлеңімді – шетел, мейлі, таратып
Оқысын, не оқымасын жаратып, –
Жалындата төгіп жарқын жырларын, –
Шырқай бермек жолдас Тайыр Жароков!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен ақынмын, мен – еш мистер емеспін өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Мен ақынмын, мен – еш мистер емеспін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен ақынмын, мен – еш мистер емеспін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен ақынмын, мен – еш мистер емеспін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері