Арал теңізіне ода – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Арал теңізіне ода» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2016
  • 0
  • 0
  • 6017
О, Арал теңізі!
Сақтап қалудың сені аман,
Іздеумен жолын мен алаң.
Қалайшы бұған көне алам,
Көнсем бе, онда
Байлығым,Сұлулығымнан тоналам,
Талайдың осы өзегін,
Өртеуде оны сеземін.
Аралым – нұрлым, жаралым,
Тетистен* қалған көз едің.
Бақ тайып бастан
Құрғаудың
Келген ба саған кезегі?!
Кейін тартылып, құрып кеткен.
Балықшы ау сап жағадан,
Шаңқылдап ұшса шағалаң,
Айдының шапшып аспанға.
О, асқан бақыт жоқ одан.
Сібірдің суын бұрмай-ақ,
Каналдар қазып жырмай-ақ.
Шарасы толған ырысқа
Құтқарам сені сырлы аяқ,
Іздеймін, жолын табамын,
Мақсаттарыма нұр бояп.
Арнаңа Арал құт дарып,
Жайнарсың әлі нықталып
Өзіңнен талай су алар,
Шөлейтке беттер ықпа бұлт.

*Тетис – бір кезде Каспий мен Аралды біріктірген шалқар мұхиттың атауы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арал теңізіне ода өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Арал теңізіне ода өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арал теңізіне ода өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арал теңізіне ода өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері