Пушкінді көргенде

Бұл бетте «Пушкінді көргенде» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 678
Сұрғылт түс, суық жүзді Петербурдың,
Бұрынғы патша үкімі тұрған жердің,
Гүл бақша еккен патша селосында,
Ақынның тастан құйған кейпін көрдім.
Лицейдің қатарынан аса беріп,
Пушкиндей ақын ұлға сәлем бердім.
Ойланып, оң қолына сүйеп басын,
Тас бұйра толқындырып қара шашын,
Көк аспан жиегіне көзін тіккен,
Жазуға отыр ма әлде поэмасын?
Секілді «Чайльд-Гарольд» торыққан ба?
Байрондай, әлде еске алған замандасын?
Томсарып түнеріңкі неге қаттың?
Терең жан қандай ойдан қайғы таптың?
Атасы ақындардың неге үнсізсің?
Сайраған бұлбұлы едің Иран-бақтың.
Тілейді ақын інің, бір сайрашы!
Алыстан іздеп сені Жаңа таптым.
Дегенде,— тас мүшесі ақын ердің,
Жанды жандай ишарат берді, көрдім;
— «Дәуірде өлген мен туған сол заманда
Сайрар жырды сайрағам, сайрап елдім.
Тірі ақынсын, өлместей тірлік көрсет,
Өлген ақын басына неге келдің?»
Деп, бейне тіл қатқандай болды еміс,
Абай сөзі сол бір кез етті елес:
«Өлсе — өлер табиғат, адам өлмес,
Ол, бірақ ойнап-күліп, қайта келмес.
«Мені» мен «менікі» нің айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес».
Өлтірсе де, патша атып, ақын жанды,
Мәңгі өлтіре алмады шығармаңды,
Адамды, ақын жанды бағалайтын
Совет елі бақытқа нұр боп жанды!
Сол ел сені ардақтап ақын-бұлбұл,
Жүз жылдық тойың шуы жерді жарды.
Мұхиттай өледінің толқындары,
Көкке ұрып «Бақшасарай фонтандары»
Я өзің, я сөйлеген сөзіндей боп,
Алмастай аузында елдің жарқылдады!
Ақындық, сенің өлең шың-құзыңа
Қандай жас үйренбеді, талпынбады.
Талпынып мен де саған келдім, ақын!
Құштарлы сәлемімді бердім, ақын,
Сен тірі, өлі емессің, сөзің куә,
Мәңгі өмір сүруіңе сендім, ақын.
Қөңілге жырларыңмен маржан тізіп,
Келеді, інжуіңді тергім, ақын.

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пушкінді көргенде өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Пушкінді көргенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пушкінді көргенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пушкінді көргенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері