Болғанмен байтаққа бас, қоймас өлім

Бұл бетте «Болғанмен байтаққа бас, қоймас өлім» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2890
Болғанмен байтаққа бас, қоймас өлім,
Наһан боп, шараң нешік, сарқылса өрің?
Шаукатың шамадан тыс болғанменен,
Үңірейген, өмір бітсе, ордан — көрің.
Ер болсаң, пенделікті барында қыл —
Баста — тәж, астында — тақ, қолда — мөрің.
Андасаң, аларыңнан айбынбайды,
Аты — ажал, алқымыңнан, алса бөрің.
Көңіліңмен кеңесіп кер, қалар қайда —
Көрген сый, тірілікте шыққан төрін.?
Жаралған Мұстафаның үрметі үшін —
Күллісі — бейіш, дозақ, аспан, жерің.
Жаһанның жеңген жауын жеке жүріп,
Кенжесі Шаһариярдың — Әлі шерің .
Үкімінде Сүлейменнің болған тегіс,
Ұшқан құс, жүгірген аң, дәу мен перің.
Алардан, абайлашы, қай біріңнің
Қанша артық қадір, қайрат, тұтқан шенің.
Алладан әмір болған уақытында,
Жұмды көз ол сияқты өңшең ерің.
Солардан сен ғибрат алсаңшы енді:
"Жүруім жарамас, - деп, - бұлай менің".
Тәуба етіп, Тәңірі әмірін тұтын мақам,
Мекке бар малың сатып, көрсің елің.
Айналып Алла үйін, айлап тауап,
Сарып айла сауап үшін алтын, зерің.
Шүкірін ішіп-жеген нығайтуға,
Өтесең, ойла босқа, кетпес терің, —
Жай беріп жаннатынан және де тұр,
Арзанды тыңдар Тәңірім айтқан сенің.
Бұларды жай қылғанмен, жатып алмай
Жан шығар, жылауменен бітпес кемің.
Қамаулы қасқыр, аю, қабыланды,
Жан барда жарағың тап, жарар белің.
Иман — ат, тастихың — ер, қайырың — қылыш,
Тіл - келсап, тасбих — тары, кеуілің — келің.
Олардан өзіңді аман өткеретін,
Көп болсын бедеуіңе берген жемің.
Үгітімді менің айтқан, малғұн бірақ,
Дегізер: "Алдауға елді айтқан ебің".
Ондайды ақымақ айтар, ақылды "аһ!" дер,
Мұнда кім "Алла" десе, онда - бегің.
Мұстажан етер Мәулен, мен дұғада,
Бәріңнің пенделікпен бітсін демің.

1900 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болғанмен байтаққа бас, қоймас өлім өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Болғанмен байтаққа бас, қоймас өлім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болғанмен байтаққа бас, қоймас өлім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болғанмен байтаққа бас, қоймас өлім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері