Назым
- 0
- 0
Жасымнан назым сөзге шебер едім,
Өзімнен шебер кім? — деп кебер едім.
Әр түрлі хикая мен дастандардың
Ширатқан шым жібектен көгені едім.
Бұл бетте «Ұстаз ұсынысы» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған ұстаз туралы өлең берілген.
Болғанмен байтаққа бас, қоймас өлім,
Наһан боп, шараң нешік, сарқылса өрің?
Шаукатың шамадан тыс болғанменен,
Үңірейген, өмір бітсе, ордан — көрің.
Өнерден өнеді не өлім барда,
Үй түзеу ұнамайды көрің барда.
Қаңғуың, қойың бақпай — қолайсыз іс,
Аңдыған жан-жағыңнан бөрің барда.
Туымды ер туралықпен билейді ұлтын,
Жібермес жаман жолға пірлер мұртын.
Бұл күнде Әлһісламнан ықпал тайып,
Бақ, дәулет қашуға тұр беріп сыртын.
Балалар, бос болмасын сабақтарың,
Жарқырар, жаттасаңдар қабақтарың.
Жастықта жатпай-тұрмай жаһат етіп,
Жыртықтың жаңартыңдар жамап бәрін.
берік рамазан
Ұастаз ау
Сен маған үйреттің бәрін
Оқутудыда жазудыда үйреттің
Рахмет саған ұстазым