Бұл бетте «Мен баламын» атты Әділет Тоқтамысов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен - баламын, боздалаған ботамын
Іңгәні ырғақпенен салғанмын
Жер-көкте таппас қазынамды
Анамның ақ кеудесінен тапқанмын
Мен - баламын, ойынменен баптанамын
Қозыдай шулап, шаттанамын
Етек-жеңді шаңдатып
Шынығып келем қатайып
Қадамымды сен секілді басамын
Қылығыңды нұсқа етіп барамын
Тәлім-тәрбием ісіңде алдыменен
Сонан кейін даналығың берілер тіліңменен
Мен баламын, қиялдаймын, асқақтаймын
Армандаудан жалықпаймын
Үміт шамын жақсам деймін сіздерге
Қызығымды көрсе деймін өмірде
Сырым бар ашар сендерге
Тербетіліп өмір атты теңізде
Қос аққудай әкем мен анам жүзе берсе
Ең бақытты мен боламын әлемде
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі