Осылай боп қалады – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Осылай боп қалады» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2429
Қызды өсіріп, ер жеткізіп баланы,
Өмір шіркін заулап өтіп барады.
Бізге дейін дәл осылай болды ғой,
Бізден кейін осылай боп қалады.
Күні кеше жігіт едік жаланған,
Жан-жағына жалт-жүлт етіп қаранған.
Бірте-бірте жіңішкеріп даңғыл жол,
Шыға келді сүрлеу-соқпақ тap алдан.
Егделікке берілмегің келеді,
Кімді аяған уақыттың «елегі».
Жастық шақты сатып алар едің-ау,
Жоқ қой бірақ оның ешбір төлемі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері