Осындай – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Осындай» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2503
Көзді қазір қуантпайды далалық,
Жүрседағы баяғыша саналып.
Жердің түгін жылан жалап кеткендей,
Сол себептен қысы-жазы мал арық.
Кезектесіп аязы мен бораны,
«Кәрі құда» - қыс ауылды торады.
Жоқ-жұқаның жанын қысып сірідей,
«Мұратына» жеткендей-ақ болады...
Қиындықтар жең ұшынан жалғасып,
Өзгеріссіз жатыр күндер алға асып.
Адамдардың ашылмайды қабағы,
Көңілдерін қалғандарын қар басып.
Шарасыздық жайлап алып әр үйді,
Ауылдастар тұрмысына налиды.
Ойым онға, санам санға бөлініп,
Менің жұқа жүрегімді қариды.
Қыр төсінде болып жатыр тосын жай,
(Біреулер жүр бұл шындыққа қосылмай...)
Көре тұрып, көлгірсігім келмейді,
Ағайындар, ауыл бүгін осындай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері