Түн тынысы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Түн тынысы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 679
Жазғы түн.
Жасыл құрақ. көл жағасы.
Көлде түр келісті бір көңіл нашы.
Дірілдеп айдынында ай сәулесі,
Жиектің жылтылдайды меруерт тасы,
Қараймын қызыққаннан күміс көлге,
Көл қадап алғандай көп күміс теңге.
Тоғысқан ай нұрымен бу мұнарын
Дерсің бір тоқып құрған күміс перде.
Маужырап, мүлгіп мақпал түн ұйықтапты
Манаурап бар табиғат тұнып қапты.
Айменен абысындай сырлас көл де
Толқыннан толас тауып тыныстапты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері