Ақжайық – Әділет Тоқтамысов

Бұл бетте «Ақжайық» атты Әділет Тоқтамысов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көзім, көрші қанеки
Айналаңды түгендеп
Өткірді жөнмен тереңдет
Әдемің қолда, мінеки

Төбемдегі көк аспан
Шексіз байлық тегінге
Күн сәулесі шағысқан
Тіршілік көзі тіріге

Аяқ астым көк кілем
Таңғы шықтан кеппеген
Жұпар иіс, жұта берем
Жасыл желек елеспекен

Бет сипаған самал жел
Тербетеді көк шөпті
Қоңыр салқын еру көшті
Ләззаттанып алған дем

Теңселеді ағаштар
Желге сәлем салғандай
Сыбдырлаған жапырақтар
Қол шапалақ қаққандай

Ақжайықтың суын-ай
Күміс-өрнек айнадай
Теректер иіліп түгелдей
Тақсырға сәлем бергендей

Әндетеді құстар кеп
Жұмақтың үнін ашқандай
Әуенге толы даламды-ай
Мауқы басам саған кеп


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері