Анашым – Әділет Тоқтамысов

Бұл бетте «Анашым» атты Әділет Тоқтамысов жазған ана туралы өлең берілген.

Мұнтаздай тап-таза
Көңіліңнен айналдым
Сарқылмас қазына,
Сөздеріңнен айналдым

Алақанның жылуы,
Мен үшін жан бақыт
Қабағыңның ашығы
Мен үшін бас байлық

Асқар таумен ұштасқан,
Мәртебеңе бас идім
Нұр көзінен жаралған,
Сезіміңнен шалқимын

Өмірді маған сый қылдың,
Ардақты, асыл Анашым
Өтелмес мәңгі борышым,
Жүрегімде әрдайым

Құлпының жұмақтың
Іздеймін бақ кілтін
Табаныңның астынан
Қадамыңнан нұр жауған


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері