Өзгеру керек – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Өзгеру керек» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2814
Үлкеннің сыйлап сақалын,
Кішінің сыйлап атағын,
Өмірім өтіп барады,
Жетпіске жасты тақадым.
Ынжық қып кеткен алғырды,
Зулады жылдар сан қырлы...
Келеңсіз сол бір кезеңдер
Біздерде ізін қалдырды.
Елесті нағыз бақ көріп,
Барлығын бойға шақ дедік.
Өтірік өрге басты ғой,
Тастайтын жерде қақ бөліп.
Ойымыз қанша көрікті,
Тұншығып, іште өліпті.
«Екі асап» жүрген ептінің
«Бәйгеден» аты келіпті.
Тізбелеп қайтем барлығын,
(Есінде болар арлының).
Біреулер бетте қалқыса,
Көтерді біреу нар жүгін.
Берілмей дay мен дамайға,
Ашайық өріс жаңа ойға.
Өмірмен бірге, замандас,
Өзгеру керек қалай да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері